Ақтауда үстіне диван құлаған адам сал болып қалды

0
1 067

Соққыдан соң бірнеше ем-дом жасалғанымен науқас сал болып қалды.


Ақтауда үстіне диван құлаған адам сал болып қалды

ERNUR.KZ. Ақтауда 11 шағын ауданда көп қабатты үйден диван құлап, салдарынан зардап шеккен 39 жастағы ер адам әлі күнге дейін облыстық ауруханада жатыр, деп жазады inbusiness.kz.

"Өзгерістер әлі байқалған жоқ. Ер адам сал болып қалады. Жағдайы қалыпты орташа деңгейде", - дейді дәрігерлер.

Ал полиция қызметкерлері кінәліні іздеуді әлі де жалғастыруда. Қылмыстық іс жабылған жоқ.

Еске сала кетсек, қаңтар айында 11 шағын аудан, №41 үйдің жанынан өтіп бара жатқан адамның үстіне диван құлайды. Ер адам қатты соққы салдарынан сол жерде есінен танып қалып, жедел жәрдем алып кетеді. Бұл дерек бойынша құқық қорғау органдары қылмыстық іс қозғады.

Науқасқа операция жасау үшін қаңтар айының соңында Астанадан дәрігерлер келді.

Соққыдан соң бірнеше ем-дом жасалғанымен науқас сал болып қалды.