Төбелеске қатысты Маңғыстау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі түсінік берді.
ERNUR.KZ. Ақтауда жаппай төбелес болды. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерде таралды, деп жазады Tengrinews.kz.
Басылым мәліметіне сүйенсек, төбелес Ақтаудағы 28-шағын ауданда болған. Оқиғаның куәгерлері видеоны әлеуметтік желілерде жариялады. Кейін төбелеске қатысты Маңғыстау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі түсінік берді.
ПД баспасөз қызметі мәліметі бойынша, 9 маусымда сағат 23:50-де 102 пультіне төбелес болып жатқаны туралы хабарлама түскен.
"Шақыруға "Мираж-8" патрульдік полиция батальонының экипажы шықты. Тұрғындар тыныштығын бұзғандарға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды, - деді департамент өкілі.