Полиция бейнебақылау камерасындағы жазбаларды тексеріп, жанжалға қатысушыларды анықтап жатыр.
иллюстрациялық фото
ERNUR.KZ. Ақтауда куәгерлер жасөспірімдердің жаппай төбелесін видеоға түсіріп алды, деп жазады Tengrinews.kz.
Жасөспірімдер арасындағы төбелес 26 тамызға қараған түні 6-ықшамаудандағы №22 және №23 үйлер арасында болған.
Полиция департаменті мәліметінше, бұл оқиға бойынша кезекші бөлімге қоңырау түспеген.
"Полиция бейнебақылау камерасындағы жазбаларды тексеріп, жанжалға қатысушыларды анықтап жатыр", - деді департаменттегілер.
Айта кетейік, бұған дейін Алакөлдегі кафелердің бірінде жаппай төбелес болғаны хабарланған еді. Алматы облысы Алакөл ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі төбелеске қатысы бар адамдардың бәрі анықталғанын хабарлады.
Қазір бұл іс бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы 2-бөлігі 1-тармағы ("Адамдар тобы немесе адамдар тобы алдын ала сөз байласу арқылы жасалған бұзақылық") бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр.