Шатырдан құлаған 17 жастағы бала екі үйдің ортасындағы қуысқа түсіп кеткен.
ERNUR.KZ. Оқиға 8 қыркүйек күні сағат 22.45-те болған, деп жазады inbusiness.kz.
16-шағынаудан №59 үйдің шатырынан 17 жастағы бала құлап, екі үйдің ортасындағы қуысқа түсіп кетті. ТЖД қызметкерлері 2006 жылы туған жасөспірімді қауіпсіз жерге шығарып, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырған.
Жеткіншек қазір облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөлімінде ауыр жағдайда жатыр.
Куәгерлердің айтуынша, жасөспірім достарымен бірге құрылысы аяқталмаған үйдің шатырында ойнап жүрген. Сол уақытта екі көпқабатты үйдің ортасына бекітілген пенопласт плита сынып, бала қуысқа түсіп кеткен.
ТЖД мәліметінше, жедел жәрдем диспетчеріне "2 үйдің ортасында бала қысылып қалды" деген ақпарат түскен.
"Адал" ТҮК құрылысын салушы – "Интерьер Строй Актау" ЖШС. Тұрғын үйдің құрылысы 2020 жылы басталған. ТҮК 7 қабат, 4 кіреберіс, 98 пәтерден тұрады. Тұрғын үй әлі пайдалануға берілмеген. Полиция бұл оқиғаға қатысты іс қозғады.