Ақтаудағы ТЖО-да жарылыс болды

0
414

ТЖМ мәліметінше, алты газ баллоны жарылған.


Ақтаудағы ТЖО-да жарылыс болды

ERNUR.KZ. Ақтаудағы техникалық жөндеу орталығында жарылыс болды. Ғимараттан өрт шығып, алты газ баллоны жарылып кеткен. Бір әйел қаза тауып, үш ер адам күйіп қалған, деп жазады tengrinews.kz.

ТЖМ мәліметінше, 12 қаңтарда сағат 18:20-да Ақтаудағы ТЖО-лардың бірінде өрт шығып, алты газ баллоны жарылған.



Өртсөндірушілер одан бөлек 17 газ баллонын шығарып үлгерген. Өрт сағат 18:48-де сөндірілді. Жалпы, 50 шаршы метрді өрт шарпыған.

Өрттің неден шыққаны анықталып жатыр.