Ақтауға 3 мыңға жуық қоқиқаз ұшып келді

0
2 303

Ауа райы суытқан соң құстар оңтүстікке, яғни Хазар қорығына немесе одан да әрі Иран жаққа өтіп кетеді.


Ақтауға 3 мыңға жуық қоқиқаз ұшып келді

ERNUR.KZ. Ақтауға 3 мыңға жуық қоқиқаз ұшып келді. Қазір құстар шаһар маңындағы Қаракөл аумағына аялдаған, деп жазады ҚазАқпарат.

Мамандардың айтуынша, Ақтауға қоқиқаздар Ақмола облысындағы Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығының аумағындағы Теңіз және Қорғалжын көлдерінен ұшып келген.

Ауа райы суытқан соң оңтүстікке, яғни Хазар қорығына немесе одан да әрі Иран жаққа өтіп кетеді.

«Жүздеген қоқиқаз Қаракөлде қыстап қалуы мүмкін. Қаракөлден басқа олар Түпқараған ауданы төңірегіндегі Түлен аралдарында болады, ол жерде су қатқан жағдайда Қаракөлге келеді. Өмір сүруге қолайлы жағдайға байланысты екі ортада ауысып отырады»,-дейді «Табиғи орта» Батыс Қазақстан ҮЕҰ өңірлік қауымдастығы кеңесінің төрағасы Әділбек Қозыбақов.

Әділбек Қозыбақовтың айтуынша, Қаракөл аумағы – «Қызыл кітапқа» енген қанаттылар тұрақтайтын мекен. Сондықтан да бұл жер табиғат қорғау инспекторларының жіті бақылауында.

Айта кетейік, қызғылт түстес, ірі денелі құстар, негізінен тропикалық елдерде ұя салады.