Ақтөбе-Хромтау тасжолында қалып қойған жүргізушілер көмек сұрады

0
2 751

Жүргізушілер кептелісте 200-ге жуық көлік тұрғанын хабарлады.


Ақтөбе-Хромтау тасжолында қалып қойған жүргізушілер көмек сұрады

ERNUR.KZ. Ақтөбе-Хромтау тасжолында ауа райының қолайсыздығына байланысты ауыр жүк көлік жүргізушілері тәулік бойы жолда тұр, деп жазады Tengrinews.kz.

Ақтөбе-Хромтау тасжолында тұрып қалған жүк көлік жүргізушілері көмек сұрады. Ауа райы қолайсыздығына байланысты оларға бір күн бойы жолға шығуға рұқсат берілмеген. Дегенмен жеңіл көлік қозғалысы тоқтамаған. Жүргізушілер кептелісте 200-ге жуық көлік тұрғанын хабарлады.

"Кеше түстен бері осында тұрмын. Ақтөбе-Хромтау бағытында жол жоқ. Көліктер ұзын-сонар кезекте тұр. Кеше Оралдан өттік, онда да жол осындай жағдайда. Дизель отыны бітті, ақша жоқ. Жолдар тазаланбайды", - деді жүргізуші Серік Көшаков.

Тасжолда боран, қатты жел және көктайғақ. Құтқарушылар ауа райына байланысты жолдар жүк және жолаушылар көлігі үшін жабық екенін хабарлады. Республикалық маңызы бар Самара-Шымкент тасжолы 776-шақырымнан 965-шақырымына дейін, Белогорка кентінен Қарабұтақ кентіне дейін жабылды. Сондай-ақ, облыстық маңызы бар Ақтөбе-Болгарка-Шұбарқұдық тасжолы толығымен жабық.


"Жолдар жабылуына байланысты жүк көліктері қазіргі уақытта елді мекендер маңында тоқтады. Олардың өмірі мен денсаулығына қауіп жоқ. Азық-түлік пен жанар-жағармай материалдарын жеткізу қарастырылмайды",- деді Ақтөбе облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығы Руслан Сахиев.