Ақтөбе облысында оқушы қайтыс болды: жұмбақ өлімнің мән-жайы тергеліп жатыр

0
822

Қайтыс болған баланы мектеп оқушылары ауылдағы дәрігерлік амбулаторияға өздері әкелген.


Ақтөбе облысында оқушы қайтыс болды: жұмбақ өлімнің мән-жайы тергеліп жатыр

ERNUR.KZ. Ақтөбе облысында 15 жастағы мектеп оқушысы қайтыс болды. Жұмбақ өлімнің мән-жайы анықталып жатыр, деп жазады tengrinews.kz.

Қайғылы оқиға Шалқар ауданы, Айшуақ ауылында болған. Полицейлер мәліметінше, марқұм 9-сынып оқушысы 11-сынып оқушылары қасында болған. Жасөспірімдер ішімдік ішкен және бір кезде олардың арасында жанжал туындаған болуы мүмкін.

Қайтыс болған баланы мектеп оқушылары ауылдағы дәрігерлік амбулаторияға өздері әкелген. Бірақ дәрігерлер көмектесе алмаған.

Марқұмның денесінен зорлық-зомбылық ізі табылмаған. Дегенмен, полицейлердің айтуынша, бұл іске күдікті - 11-сынып оқушысы. 9-сынып оқушысының жүрегі ауырғаны белгілі - ол есепте тұрған. Өлімге не себеп болғаны тергеудің соңында белгілі болады.

"Кәмелетке толмаған баланың зорлық-зомбылық белгілері жоқ мәйіті табылды. Дерек бойынша соталды тергеу басталды. Бірқатар сараптама тағайындалды. Қылмыстық істі тергеу аясындағы өзге де мәлімет жарияланбайды", - деді Ақтөбе облысы ДП баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.