Ақтөбе облысындағы кен орнында жұмысшы қайтыс болды

0
1 980

Ақтөбе облысының «Кеңқияқ» кен орнындағы «Октябрьнефть» мұнай-газ өндіру басқармасында төтенше жағдай болып, 1 жұмысшы қаза тапты, - деп хабарлайды 24.kz​.


Ақтөбе облысындағы кен орнында жұмысшы қайтыс болды

Ақтөбе облысының «Кеңқияқ» кен орнындағы «Октябрьнефть» мұнай-газ өндіру басқармасында төтенше жағдай болып, 1 жұмысшы қаза тапты, - деп хабарлайды 24.kz.

Тағы бір жұмысшы ауыр халде ауруханаға жеткізілген. Ұңғыманың жұмысын тексеруге шыққан екі дәнекерлеуші техникалық судың ағып жатқанын байқаған. Сол ақауды жөндеу кезінде жазатайым жағдай болып, дәнекерлеушінің біреуі оқиға орнында қайтыс болды. Қазір арнайы комиссия құрылып, мәселенің мән-жайы анықталып жатыр. Мамандардың болжамы бойынша, жұмысшылар белгісіз заттан улануы мүмкін. Жалпы, өткен жылы облыста 100-ден аса адам өндірісте жарақат алған. 17 адам қаза тапқан. Биылғы жылдың басынан 6 адам жазатайым жағдайға ұшырап, оның екеуі көз жұмған.

Бауыржан Оразаев, облыстық еңбек инспекциясы басқармасы басшысының орынбасары:

- Арнайы комиссия өзінің жұмысын аяқтаған соң, біз ол құжаттарды облыстық ІІД-не жібереміз. Ары қарай тергеуші өзінің жұмысын жалғастырады.