Өңірдің жаңа басшылығына Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов пен Ақтөбе қаласының әкімі Асхат Шахаровтың кандидаттары ұсынылғаны айтылды.
ERNUR.KZ. Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин қызметінен кетті, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Ақтөбе облыстық мәслихатының сайты хабарлағандай, облыстың жаңа басшысы бүгін, 31 тамызда өтетін Ақтөбе облысы аумағында мәслихат депутаттарының отырысында сайланады.
«Ақтөбе облысының әкімін тағайындауға келісім беру мәселесі қаралып жатыр», - делінген хабарламада.
Айта кетерлігі, Мәслихаттың ресми сайтында онлайн өтіп жатқан депутаттар жиынында Ақтөбе облысы әкімі лауазымына Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов пен Ақтөбе қаласының әкімі Асхат Шахаровтың кандидаттары ұсынылды.
Оңдасын Оразалин 2019 жылдың ақпан айында Ақтөбе облысын басқарды. Бұған дейін Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінде түрлі қызметтерді атқарған.