Ақтөбе түлектері бір отбасының балаларына қыстық киім алып берді

0
1 594

Ерекше шараны Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Саралжын ауылының 2009 жылғы түлектері ұйымдастырған.


Ақтөбе түлектері бір отбасының балаларына қыстық киім алып берді

ERNUR.KZ. Ақтөбе қаласының еріктілері қайырымдылық жасаудың жаңа түрін ойлап тапқан. Өңірде жақсылықты құрдастар болып бірігіп жасап жарысып жатыр, деп жазады NUR.KZ.

Ерекше шараны Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Саралжын ауылының 2009 жылғы түлектері ұйымдастырған.

"Жүректен жүрекке" еріктілер тобының мүшесі сыныптастарының арасында үндеу жасап, қолдау тапқан.

"Біз қамқорлыққа алған отбасына тобымыздың мүшесі осындай қолдау танытты. Жеті бала тәрбиелеп отырған ананың үш баласын киіндіріп берді. Қыстық киімдер бастан-аяқ алынды. Куртка, бас киім, етік алған. Осындай акцияны қолға аламыз ба деп отырмыз. Құрдастармен жақсылық жасау жалғасады деп ойлаймыз", - дейді Ақтөбедегі "Жүректен жүрекке" тобының жетекшісі Әлішер Садық.

Ерікті жастар сыныптастар болып жақсылық жасауды жалғастыра беретіндеріне сенімді.