Ақтөбеде 1,5 млн теңге пара алған мемлекеттік қызметкер 4 жылға сотталды

0
1 224

Қалмағамбет Рахметов пара алғаны үшін сотталды.


Ақтөбеде 1,5 млн теңге пара алған мемлекеттік қызметкер 4 жылға сотталды

ERNUR.KZ. Ақтөбеде облыстық ішкі мемлекеттік аудит департаменті бастығының орынбасары Қалмағамбет Рахметов пара алғаны үшін сотталды, деп жазады ҚазАқпарат.

Ақтөбе қалалық сотында мемлекеттік қызметкер Қалмағамбет Рахметовке қатысты Қылмыстық кодекстің «Пара алу» бабымен үкім шықты. Судья Е.Әбдіхалықов сотталушы Қ.Рахметовті 1,5 миллион теңге пара алғаны үшін 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Іс материалына сүйенсек, сотталушы Қалмағамбет Рахметов 2018 жылдың 4 қазан күні өз кабинетінде ұсталды. Ол Ақтөбе облыстық перинаталдық орталығының бас дәрігері Асхат Балықовтан ақша сұраған. Облыстық ішкі мемлекеттік аудит департаменті дәл сол кезде аталған орталықты тексеріп, қорытынды шығарған болатын.