Ақтөбеде әкімдік қызметкерін пышақтап өлтірген қылмыскердің жазасы ауырлады

0
496

Бұған дейін ол 11 жылға сотталған болатын.


Ақтөбеде әкімдік қызметкерін пышақтап өлтірген қылмыскердің жазасы ауырлады

ERNUR.KZ. Ақтөбеде облыстық әкімдік қызметкерін 35 жерден пышақтап өлтірген қаскөйдің жазасы тағы да ауырлады, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Бұған дейін ол 11 жылға сотталған болатын. Алайда істі қайта қараған апелляциялық алқа бұрынғы жазаға тағы төрт жыл қосып, сотталушыны 15 жылға бас бостандығынан айырды.

«Осы кесіп-тесілген дене жарақаттарына қоса, денсаулыққа ауыр зиян келтірген. Жараұаты ішке және сыртқа қан көп кетуімен асқынған. Сол себепті өміріне қауіп төнген және өлімге алып келген», - дейід марқұмның ағасы.

Марқұмның туыстары кесілген жазамен әу баста-ақ келіспеген еді. Өйткені бірінші сот қылмыстық істегі аса қатыгездікпен деген бапты алып тастап, тек адам өлтіргені үшін соттапты. Бірақ қаскөйдің марқұмды пышақтаған соң, ес-түссіз қансырап жатқанда қосымша бауыздағаны анықталды. Көзіне қан құйылған күдікті өлі денені жүксалғышқа тығып, екі күн жүргені де жан түршіктіреді. Сараптама оның психикалық ауытқудан ада екенін де растаған.

Естіріңізге салсақ, бұл қанды қылмыс осыдан 4 ай бұрын болды. Қылмыскер мен жалғызбасты ана ғаламторда танысқан. Жігіт өзін бойдақ және әйелден 6 жас үлкен екенін айтады. Алайда ақырғы кездесуінде марқұм көңілдесінің отбасылы екенін ұялы телефонындағы суреттерден біліп қалған. Содан туған жанжалдың арты екі баланы анасыз қалдырды. Облыстық әкімдікте жұмыс істейтін әйелдің көңілдесі көлігінің суырмасында жатқан пышақты алып, 35 жерінен сұққылаған.