Ақтөбеде алаяқ келіншек ерлі-зайыптыға жоқ баланы 780 мың теңгеге сатқан

0
824

Алданған отбасы полицияға арызданды.


Ақтөбеде алаяқ келіншек ерлі-зайыптыға жоқ баланы 780 мың теңгеге сатқан

ERNUR.KZ. Ақтөбе қаласының тұрғыны "бала асырап алуға көмектесемін" деген желеумен бір ерлі-зайыптыдан 780 мың теңгесін алдап алған, деп жазады Zakon.kz.

Алаяқ ерлі-зайыптылардың сеніміне кіріп, жақын арада оның құрбысы босатынын, бірақ баласынан бас тартатынын айтқан. Сол баланы асырап алуға көмектесу үшін олардан әйел ақшалай сыйақы сұраған. Тіпті, ол баланы асырап алуда құжатты тіркеу жағына да көмектесуге уәде берген.

Алданған отбасы полицияға арызданды.

Қазіргі уақытта алаяқ өз қылмысын мойындады және кепіл хатпен ол босатылды. Тергеу амалдары жүргізілуде.