Ақтөбеде анасын өлтірді деген күдікпен ұсталған 16 жастағы қыз 5 сыныпта оқыған

0
533

Әйелді өз үйінде пышақтап өлтірген.


Ақтөбеде анасын өлтірді деген күдікпен ұсталған 16 жастағы қыз 5 сыныпта оқыған

фото кадрдан

Ақтөбеде 16 жастағы қыз анасын өлтірді деп айыпталуда. Оның 19 жастағы досы да күдікке ілінген. Қазір екеуі тергеу изоляторында отыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ Астана арнасына сілтеме жасап.

Алматы аудандық прокуратурасының хабарлауынша, әйелді өз үйінде пышақтап өлтірген. Күдіктілер бұл туралы полицияға кеш хабар берген. Анасын өлтіруге не себеп болғаны белгісіз. Белгілісі, жасөспірім жасы 16-да болса да, кешкі мектептің 5-сыныбында оқыған. Тергеу жұмыстары аяқталып, қылмыстық іс сотқа жіберілді.

"Ақтөбе қаласы Алматы ауданының прокуратурасымен 16 жастағы қыз бен 19 жастағы жігітке қыздың анасын өлтіргені үшін айыптау актісі жасақталды. Сотқа дейінгі іс жүргізу кезінде айыпталушылар қылмысты жасағанын бірнеше күн өткеннен кейін хабарлағаны анықталды. Айыпталушылардың іс-әрекеттері ҚР ҚК-тің 99-бабының 2-бөлігі бойынша сараланды", - дейді Ақтөбе қаласы Алматы аудандық прокуратурасының бөлім аға прокуроры, Әсел Өтенова.