​Ақтөбеде делдалдар пойызға билет сатып жүр

0
2 003

Материалдар зерделеніп жатыр.


​Ақтөбеде делдалдар пойызға билет сатып жүр

фото: npgt.ru

ERNUR.KZ. Ақтөбеде пойызға билет жоқ, ал делдалдар 4 мың теңгенің билетін сатып алу үшін 8 мың теңге сұрайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ақтөбе - адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің сараптамалық мүшелері жолаушылар тасымалы саласын тексерді. «Адал жол» жобасы аясында мониторинг жүргізілді.

«Мониторинг Ақтөбе теміржол вокзалынан басталды. Мұнда автотұрақ ақылы. 15 минут тегін болғанымен, көлік кірген кезде талонға уақыты жазылмайды. Сондықтан көлік иелері 15 минут кідірмегенін дәлелдей алмайды. Қоғам өкілдері «жасырын сатып алушы» әдісімен теміржол кассаларына да барды. Онда билет болмады, кейін делдал өз қызметі үшін 8 мың теңге сұрады. Яғни, 4 мың теңгенің билетін алу үшін тағы 8 мың теңге төлеу керек», - деді «Ақтөбе - адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, тексеру кезінде «Алматы-Орал» бағыты бойынша Алға станциясынан Ақтөбе қаласына дейін және «Ақтөбе-Атырау» бағыты бойынша Алға станциясынан Ақкемер станциясына дейін бір адам үшін 500 теңге көлемінде сыйақы төлеп, билетсіз жүруге болатыны анықталды. Жолсеріктердің ісі де құзырлы органдарға тапсырылды. Материалдар зерделеніп жатыр.