Ақтөбеде мас қыз полиция формасын киіп жүрген

0
837

Ол полиция қызметкерінің формасын қайдан алғаны анықталып жатыр.


Ақтөбеде мас қыз полиция формасын киіп жүрген

ERNUR.KZ. 2023 жылғы 19 мамырында жедел басқару орталығының 102 телефонына «Есет батыр» микрорайонында мас күйінде полиция қызметкері түріндегі жүргені туралы хабарлама түскен, деп жазады Azattyq Ruhy.

Бұл мекенжайға барған учаскелік полиция инспекторы полицияға ешқандай қатысы жоқ 29 жастағы қызды ұстап учаскелік полиция пунктіне жеткізді.

Қазір қыз Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 440-бабы (алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарда мас күйінде пайда болу), 434 бабы (ұсақ бұзақылық) және 675 бабы (айырым белгiлерi және (немесе) нышаны бар әскери киiм нысанын, сондай-ақ, нысанды киiм мен арнаулы киiм-кешектi заңсыз киiп жүру (пайдалану) бойынша хаттама толтыру үшін полицияның учаскелік пунктіне жеткізілді.

Сондай-ақ, ол полиция қызметкерінің формасын қайдан алғаны анықталып жатыр.