​Ақтөбеде мүмкіндігі шектеулі жандардың құқығын қорғайтын 15 үкіметтік емес ұйым бар

0
1 165

Ұйым белсенділері «бұқара мен биліктің арасындағы дәнекер.


​Ақтөбеде мүмкіндігі шектеулі жандардың құқығын қорғайтын 15 үкіметтік емес ұйым бар

ERNUR.KZ. Ақтөбеде мүмкіндігі шектеулі жандардың құқығын қорғап, жағдайын жасайтын 15 үкіметтік емес ұйым бар, деп жазады «Хабар 24».

Олар билікпен әріптестік орнатқан жағдайда, ортақ жұмыстың тиімді боларын біледі. Сондықтан мемлекет тарапынан берілетін әлеуметтік тапсырыстарды орындайды. Бірлескен жобалардың үлесі 80 процентті құрап отыр. Ұйым белсенділері өздерін «бұқара мен биліктің арасындағы дәнекерміз», – дейді. Олар мүгедектігі бар жандардың құқығын қорғау және өмір сапасын арттыру бойынша жасалған Ұлт жоспарын талқылады. Бұл құжатта 2025 жылға дейін атқарылуы тиіс жұмыстар нақты көрсетілген. Жиында бірлестік мүшелері алда өтетін кезектен тыс президент сайлауының маңыздылығын сөз етті. Жалпы өңірде 600-ден астам үкіметтік емес ұйым тіркелген. Олардың ішінде әлеуметтік мәселелермен айналысатындары жүзден асады.

Құралай Бәйменова, сал ауруына шалдыққандарды қорғау ҚБ төрайымы:

– Біз қамқорлығымызға алған жандардың мүмкіндіктері шектеулі. Алайда олардың өмір сапасын жақсарту жолында біраз жұмыс жасалды. Мысалы, Үкімет қашанда қаржы бөлуге әзір екендерін айтады, тек ақшаны жергілікті жерлерде тиімді пайдаланған жөн. Мемлекет тарапынан қолдау бар. Мүгедектігі бар жандардың құқығы барынша қорғалып жатыр.