​Ақтөбеде оқушылар астан уланғаны үшін мектеп директоры жауапқа тартылды

0
1 359

Санитар мамандар Ақтөбе облыстық білім басқармасы мен қалалық білім бөлімінен кәсіпкердің құжатсыз жұмыс істеуге рұқсат бергені үшін директорға шара қолдану сұрады.


​Ақтөбеде оқушылар астан уланғаны үшін мектеп директоры жауапқа тартылды

ERNUR.KZ. №9 Ақтөбе қалалық мектеп-гимназиясының директоры Салиха Қазбаеваға қатаң сөгіс берілді, деп жазады ҚазАқпарат.

Ақтөбе қаласындағы №9 мектеп-гимназиясында 20-дан астам оқушы астан уланып, ауруханаға түсті. Кейін облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаменті улану себебін анықтады. Бұған дейін хабарлағанымыздай, барлығы 30 сынама алынып, оның алтауынан ішек таяқшасы, екеуінен S.aureus, яғни, стафилококк анықталды. Стафилококк ботқадан, ал ішек таяқшасы тауық етінен жасалған үй сорпасы мен ірімшік қосылған тауық етінен шықты. Асханада 8 адам жұмыс істесе, оның екеуінде стафилококк тіркелді. Санитар мамандар Ақтөбе облыстық білім басқармасы мен қалалық білім бөлімінен кәсіпкердің құжатсыз жұмыс істеуге рұқсат бергені үшін директорға шара қолдану сұрады. Бүгін баспасөз мәслихатында директордың жазаланғаны белгілі болды.

«Санитарлық-эпидемиологиялық қорытындысыз жеке кәсіпкерді асханаға жіберіп, жұмыс істеуге рұқсат берген мектеп директоры Салиха Қазбаеваға «қатаң сөгіс» түріндегі тәртіптік жазасы берілді», - деді Ақтөбе қалалық білім бөлімінің басшысы Саян Сүлейменов.