Алдын-ала мәлімет бойынша, балаға жануар шабуылдаған болуы мүмкін.
ERNUR.KZ. Ақтөбеде салынып жатқан нысандардың бірінен баланың денесі табылды, деп жазады tengrinews.kz.
9 маусымда Есет батыр тұрғын алабының №3 шағынауданы аумағында салынып жатқан нысандардың бірінен 12 жастағы баланың денесі табылған.
"Қан жоғалту, бас, денесінің жоғары және төменгі бөлігіндегі жарақат" түрінде зорлық-зомбылық белгілері бар баланың денесі табылды, қылмыстық іс тіркелді. Алдын-ала мәлімет бойынша, балаға жануар шабуылдаған болуы мүмкін", - делінген хабарламада.
Бұл дерек бойынша сот-медициналық сараптамалар тағайындалған. Соталды тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.