Ақтөбеде үш адамның өліміне әкелген жол апаты кезінде рульде болған мұғалім сотталды

0
695

Жол-көлік оқиғасы былтыр желтоқсан айында болды.


Ақтөбеде үш адамның өліміне әкелген жол апаты кезінде рульде болған мұғалім сотталды

ERNUR.KZ. Оқушыларды аудандық олимпиадаға жеткізбек болған мұғалім 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Бүгін сот полиция мен білім басқармасына жеке қаулы шығарды, деп жазады inform.kz.

Ақтөбе облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында жол-көлік апаты кезінде рульде болған мұғалім Жандос Шамшадинге үкім шықты.

«Жандос Шамшадин Қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 7 жыл мерзімге көлік басқару құқғынан айыра отырып, 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Ж. Шамшадинге жаза өтеу орны қылмыстық атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша төмен мекемесі тағайындалсын»,- деді судья Нұрлан Бақтығалиев.

Сонымен бірге судья қызметтік жауапсыздық танытқан Ырғыз аудандық полиция бөлімі мен Ырғыз ауданы Темірастау жалпы білім беретін мектептің жауапты қызметкеріне қатысты шара қолдану жөнінде қаулы шығарды. Қаулыға жауапты Ақтөбе облыстық ПД бастығы, Ақтөбе облыстық Білім басқармасының басшысы беруі тиіс.

Айта кетейік, сот үкімі күшіне енген жоқ. Тараптар апелляциялық шағым түсірмейді.

Еске салсақ, жол-көлік оқиғасы былтыр желтоқсан айында болды. Онда екі оқушы мен бір мұғалім көз жұмды. Рульде сол мектептің мұғалімі болған. Сот отырысы басталған кезде жол-көлік оқиғасының салдарынан бір оқушының басы жұлынып қалғаны да белгілі болды.