Ол қазір жансақтау бөлімінде жатыр.
ERNUR.KZ. 29 наурызда Ақтөбеде қаскөйлер ұлымен қоса анасын аяусыз өлтіріп кеткен. Ал, Құдай сақтап, аман қалған 13 жасар қыз ауруханаға жатқызылды, деп жазады zakon.kz.
Облыстың денсаулық сақтау басқармасы атап өткендей, қызға ота жасалды.
Дәрігерлердің айтуынша, ол қазір жансақтау бөлімінде жатыр.
"Диагноз - мойынның алдыңғы және оң жағында сұғылған-кесік түріндегі бірнеше жарақат, мойын көктамырының зақымдануы, кеңірдектің және мойын бұлшықеттерінің зақымдануы. Жағдайы ауыр", - деді дәрігерлер.
Бұған дейін полицияда аталған фактіге сәйкес, ҚР ҚК 99-бабының 3-бөлігі, яғни "Кісі өлтіру" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары қолға алынғанын мәлімдеген болатын.
"Осы қылмысты жасаған адамдарды анықтау және ұста үшін арнайы және жедел іс-шаралар жүргізілуде", - деді полициядағылар.