Балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектебі былтыр көкпарға арналған 13 ат сатып алу үшін байқау жариялаған.
ERNUR.KZ. Ақтөбедегі ат спорты мектебінен шу шықты. Бұл мекемеге сатып алынған тұлпарлардың құжатта көрсетілгендей асыл тұқымды емес, қарапайым, аралас қанды жылқы екені анықталды, деп жазады zakon.kz.
Балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектебі былтыр көкпарға арналған 13 ат сатып алу үшін байқау жариялаған.
Талап бойынша, жылқылар таза қанды, көкпарға машықтанған болуы тиіс еді. Конкурсты екі кәсіпкер жеңіп шыққан.
Бұл жағдайға қатысты құзырлы органдарға арыз да түскен. Ал мектеп басшылығының айтуынша, алынған жылқылар көңілдерінен шығады. Қазірдің өзінде жақсы жетістіктерге жетіп жүр екен.
"Қазір тексеріс болып жатыр. Ол тексерістің анығын енді шығарады. Тексеріп болғаннан кейін. Тексеріп кетті. Біздер көрсеттік. Ең болмаса, қаны болсын деп айтамыз ғой, жай жабы аттарды алып келмесін деп."Абат Аймағамбетов, спорт мектебінің директоры