Ақтөбедегі жол апаты: Тағы бір адам ауруханада көз жұмды

0
896

1993 жылы туған әйел адам ауруханада көз жұмды.


Ақтөбедегі жол апаты: Тағы бір адам ауруханада көз жұмды

ERNUR.KZ. Ақтөбеде ірі жол апаты кезінде ауруханаға түскен тағы бір адам ауруханада көз жұмды, деп жазады ҚазАқпарат.

Бүгін сағат 12:15-те «Ақтөбе-Астрахань» тасжолы бойында «Тойота-Ипсун» және «Лада-Ларгус» көлігі соқтығысты. Салдарынан 5 адам көз жұмды. Кешкілік тағы бір адам көз жұмды.

«Жол-апаты кезінде зардап шеккен 1993 жылы туған әйел адам ауруханада көз жұмды. Бұл оқиға бойынша тергеу жүріп жатыр. Жүргізушілерге жол ережесін сақтап, абай болуды ескертеміз», - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.