Ақтөбелік ата-аналар: Балаларымыз бала-бақшадан аш келеді

0
2 195

Қалалық білім бөлімі арнайы комиссия құрып, мектепке дейінгі ұйымда тексерісті бастап кетті.


Ақтөбелік ата-аналар: Балаларымыз бала-бақшадан аш келеді

ERNUR.KZ. Ақтөбеде бала-бақша тәрбиешілері бүлдіршіндерді аштан қатырып, тамақ сұраса шапалақпен ұрған. Бұл туралы ата-аналар шағымдануда деп жазады Еуразия бірінші арнасы .


Ата-ана: Алина Обайдуллина

Көрмегенім енді осы бала-бақша болсын деп отыр. Үш жасар ұлы "тәрбиеші шапалақпен салып жіберді" - деп келгенде, "бала ғой, қосып айтқан шығар" деп сенбепті. Ал жақында келіншектің қолына таңғы ас кезіндегі мына бейнежазба түскен. Оны көріп, төбе шашы тік тұрыпты.

«Балалардың алдында ботқа дегенатымен болған жоқ, тек нан мен май, сосын шай болды. Дереу түскі ас кезінде бардым, меңгерушімен сөйлестім. Түскі асқа не бересіздер деп едім, сорпа болады деді. Мен оған да күмәндандым. Ал екінші ас болған жоқ. Себебін сұрағанда, бәрі ата-аналардың қарызына келіп тіреледі деп түсіндірді».


Астан шыққан айқай әлі басылмай тұр. Бала-бақша құрылтайшысы "мұның барлығы біздің мекемеге жабылған жала" - деп отыр. Мәзір талапқа сай жасалады деп сендірді.

Толқын Шектібаева, Бала-бақшаның құрылтайшысы:

«Шамалы қателіктер болды. Себебі, бір ата-ана екінші тамақтану кезінде телефонға түсіріп алып, бір тамақ деп желіге салды. Мен жала жауып тұр деймін».


Балабақша қожайыны қанша жерден ата-ана жала жапты дегенімен мемлекеттік тапсырысты орындап отырғаннан кейін «судың да сұрауы» бар.

Қалалық білім бөлімі арнайы комиссия құрып, мектепке дейінгі ұйымда тексерісті бастап кеткен.

ГҮЛЖАН ӘМІРОВА, ҚАЛАЛЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ:


«Ата-ана тарапынан шағым болғанда, тамақ мәселесі, ас мәзірі , сосын оқу процесі қаралып отыр. Шағым бойынша бүкіл құжаттарын зерттейміз. Ас мәзірі тамақтары дұрыс дайындал майды деп беріліп тұр. Сондықтан, сол бағыт бойынша жұмыстар жүргіземіз»


Осы жағдай себеп болды ма, жоқ әлде кездейсоқтық па, әйтеуір ата-аналар балаларын басқа мекемеге ауыстыруға арызданып жатыр екен.

Ата-аналары шу шығарған балабақшаның балаларына тамақты мінекей, осы асүйде әзірлеген. Өздеріңіз көріп тұрғандай, қазір мына жерде тіпті электр жарығы да жоқ екен.

Мұнда қазір қалалық білім бөлімі арнайы тексеріс жүргізіп жатыр. Кемшіліктерді жоюға белгілі бір уақыт береді. Егер сол уақыт ішінде жоймаса, келісім шартты үземіз деп мәлімдеді.