Ақтөбе қаласында 119 мектеп бар. Онда бірінші ауысымда барлығы 57 924 бала оқиды.
ERNUR.KZ. Ақтөбе қаласында ата-аналар кешегіелді дүрліктірген ақпараттан қорқып, балаларын сабаққа жібермей қойды, деп жазады sputnik.kz.
Бұған дейін әлеуметтік желілерде Ақтөбе қаласындағы мектептерде қылмыс жасалатыны туралы хабарлама тараған болатын. Полиция терроризм актісі туралы көрінеу жалған мәлімет таратқан адамды анықтады. Ол жақын шет елдердің бірінің 18 жастағы тұрғыны болып шықты. Тәртіп сақшылары алаңдауға негіз жоқ екенін хабарлады. Соған қарамастан, бүгін ата-аналар балаларын сабаққа жібермей қойды.
Облыстық білім басқармасы ұсынған мәліметке сәйкес, Ақтөбе қаласында 119 мектеп бар. Онда бірінші ауысымда барлығы 57 924 бала оқиды.
"Бірінші аусымда оқитын балалардың ішінен тек 8 558-і мектепке барды", - дейді басқарма мамандары.
Ал полиция департаменті алаңдауға негіз жоқ екенін тағы бір мәрте еске салды. Білім беру ұйымдары штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Полиция қауіпсіздікті қамтамасыз етіп жүр. Сондай-ақ бейнебақылау жүйесі арқылы қадағалау шаралары күшейтілді.
"Полиция нарядтары білім беру ұйымдарына барынша жақын қызмет атқарып жүр. Халықты араңдатушылыққа жол бермей, тек ресми ақпаратқа сенуді сұраймыз", - деп атап көрсетті полицейлер.