Ал 2006 жылғы жолаушы облыстық ауруханаға жеткізілді

0
585

Ал 2006 жылғы жолаушы облыстық ауруханаға жеткізілді.


Ал 2006 жылғы жолаушы облыстық ауруханаға жеткізілді

ERNUR.KZ. Атырауда жеңіл көлік Жайық өзеніне түсіп кетті. Көлік жүргізушісі сол жерде қайтыс болды, деп жазады sputnik.kz.

Атырау қалалық әкімдігі қызметінен мәлім еткендей, оқиға 28 қаңтарда болған.
"Атырау қаласының маңындағы Көкарна ауылының тұсында Жайық өзенінің мұзы ойылып, жеңіл көлік түсіп кетті. Көліктегі жолаушыларды құтқару үшін жедел құтқару жасағынан 4 құтқарушы, 1 техника жұмылдырылды. Оқиға орнында 1992 жылғы жүргізуші көз жұмды. Ал 2006 жылғы жолаушы облыстық ауруханаға жеткізілді", -деп хабарлады әкімдік.
Жергілікті әкімдік қала тұрғындары мен қонақтарына мұздан өту кезінде қауіпсіздікке мән беру қажеттігін құлаққағыс етті.
"Мұз үстімен жүргенде қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажет. Өзен жағасында қойылған арнайы белгіні назарға алған жөн. Су айдынының рұқсат етілмеген тұсынан өтпеу қажеттігін ескеру керек", - деп мәлім етті әкімдіктің баспасөз қызметінен.