Оның 11 жастағы қызы түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді.
ERNUR.KZ. Шығыс Қазақстан облысындағы Алакөл демалыс орнында гидроцикл қаққан ер адам көз жұмды, деп жазады ҚазАқпарат.
ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 8 тамыз күні 27 жастағы әйел гидроциклмен адамды қаққан.
Түркістан облысының тұрғыны қауіпсіздік ережесін бұзып, рульді басқара алмай қалған.
"40 жастағы семейлік азамат сол жерде бірден жантәсілім етті. Оның 11 жастағы қызы түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта Үржар аудандық полиция бөлімінің тәртіп сақшылары ҚР Қылмыстық Кодексінің 344-бабы 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады, - деп хабарлады ведомство өкілдері.
Іс бойынша бірқатар сараптамалар тағайындалған.