Алакөлге Embraer типті үлкен ұшақтар ұшатын болды

0
429

Облыста туризм саласын дамытуға ерекше көңіл бөлініп жатыр.


Алакөлге Embraer типті үлкен ұшақтар ұшатын болды

ERNUR.KZ. Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі Алакөлге дейін Embraer типті үлкен ұшақтардың ұшатынын мәлімдеді деп жазады kaz.nur.kz.

Оның сөзінше, облыста туризм саласын дамытуға ерекше көңіл бөлініп келеді.

"Айтуға сөз жетпейтін, қарасаң көзің тоймайтын ерекше жерлердің бірі біздің аймақтың інжу-маржаны - Алакөл көлі. Осы маусымда 163 қонақ үй мен демалыс базалары демалушыларға қызмет көрсететін болады. Олардың 94-і "ASHYQ" жүйесінде қызмет етпек. 900 қызметкердің 80%-ы коронавирусқа қарсы екпе алды. Өткен жылдағыдай Алакөлді COVID-19 еркін аймағына айналдырғымыз келеді", - деді Даниал Ахметов.

Сонымен қатар, өңір басшысы 17 маусымнан бастап пойыздар қатынап жатқанын еске салды.. Тасымалдаушы вагондар саны 61-ге дейін өсіп, автобустар саны да артты.

"Әуежайға келетін болсақ, бұл жоба қайта түзетуді талап етеді. Өйткені, осыдан бұрын жарық сигналының жолағы ескерілмеген. Қайта құру жұмыстарынан кейін ҰҚЖ ұзындығы екі мың метрден асатын болады. Кейін Үржар әуежайы Embraer типті үлкен ұшақтарды да қабылдауға мүмкіндігі болады" - деді өңір әкімі.