Алаяқтар желіде тағы бір банк атынан хабарлама таратып жатыр

0
2 662

Кибералаяқтықтың бұл түрі фишинг деп аталады.


Алаяқтар желіде тағы бір банк атынан хабарлама таратып жатыр

ERNUR.KZ. Қазақстанда алаяқтар халықты Halyk Bank атынан алдай бастады. Бұл жолы олар сауалнамадан өткен үшін жақсы смартфон мен басқа да бағалы сыйлықтар ұсынуда, деп жазады Azattyq Rýhy.

«Бейілділік бағдарламасы» аясында Halyk Bank-тің сауалнамаcынан өтіп, IPhone12 pro немесе басқа жүлделерді ұтып алуға болады. Ал банктің Instagram-дағы ресми парақшасында Halyk Bank-тің ешқандай сауалнама өткізбейтіні айтылған, сондай-ақ пайдаланушыларды сақ болуға және өз деректерін үшінші тұлғаларға хабарламауға үндейді.

Айта кетейік, сауалнамалар екі түрлі интернет-парақшада орналастырылған, олардың ешқайсысы банктің ресми парақшасы емес. Екі сайттағы «ұтыстар» туралы сауалнамалар мен пікірлер бірдей. Онда жеке мәліметтерге арналған тармақшалар бар. Ал бұл мәліметтерді білген алаяқтар төлем карталарына, жеке аккаунттарға және өз құрбандарының смартондары мен компьютерлерінде сақталған ақпаратқа қол жеткізе алады.