Республиканың басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады.
ERNUR.KZ. Синоптиктер Қазақстанда 12-14 қыркүйек аралығында жылбысқы қар түріндегі жауын-шашын болады деп болжап отыр, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
«Қазгидромет» РМК хабарлауынша, республиканың басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, жаңбыр жауып, найзағай ойнап, екпінді жел соғады.
«12 қыркүйекте еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығында және шығысында қатты жаңбыр жауады, республиканың оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда түнде жауын-шашын, көктайғақ болуы мүмкін», - делінген хабарламада.
Солтүстік-батыста – күндіз 13-23 градустан 15-25 градусқа дейін, солтүстікте 10-15 градустан 12-17 градусқа дейін, орталықта 10-23 градустан 12-23 градусқа дейін ауа температурасы жоғарылауы ықтимал.
Ауа температурасы күндіз батыста 18-25 градус, оңтүстікте 22-30 градус, республиканың оңтүстік-шығысында 18-27 градус, таулы аймақтарда 7-12 градус жылы болады.