Ауа-райы 10-18 градусқа дейін төмендейді.
ERNUR.KZ. Синоптиктер 2023 жылғы 20-22 шілдеде Қазақстанда күн райы қандай болатынын айтты, деп жазады inbusiness.kz.
Болжам бойынша, елде қатты жаңбыр жауып, күн суытады.
"Қазгидромет" мәліметінше, республиканың басым бөлігінде найзағай ойнап, бұршақ жауып, екпінді жел соғады.
"Республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында және оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында қатты жаңбыр жауады... Ауа температурасы түнде солтүстік, шығыс және орталық облыстарда 10-18 градусқа дейін төмендейді деп болжанды", – делінген хабарламада.
Болжам бойынша, 21 шілдеден бастап еліміздің батысында жауын-шашын тоқтайды.