Алексей Цой: Қауіпсіздік әдеттері де «жұқпалы» болуы тиіс

0
671

Маскалық режим мен гигиенаны әрі қарай сақтауды қамтамасыз ету қажет - Министр.


Алексей Цой: Қауіпсіздік әдеттері де «жұқпалы» болуы тиіс

ERNUR.KZ. ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой қоғамдағы қауіпсіздік пен гигиена шараларын әрі қарай сақтауды ұсынды, деп жазады ҚазАқпарат.

«Бүгінде бүкіл қазақстандық қоғам коронавирустың емес, қауіпсіздік пен салауатты әдеттердің «жұқпалы» болуы үшін барлық шараларды қабылдауы қажет. Ол үшін ең алдымен маскалық режим мен гигиенаны әрі қарай сақтауды қамтамасыз ету қажет. Үйден тыс жерде масканы міндетті түрде тағу – инфекцияның таралуын 30%-ға қысқартады. Сонымен бірге, инфекцияның таралуында қол гигиенасы ерекше рөл атқарады», - деп атап өтті министр бүгінгі Үкімет отырысында.

Осыған байланысты, ең алдымен мүдделі мемлекеттік органдар мен жергілікті атқару органдарын тартып, қауіпсіздік белдіктерін міндетті қолдану мысалында маска режимін сақтау үшін де бизнесті бақылау мен жауапкершілікті күшейту қажет.

Екіншіден, барлық қоғамдық орындарда қолды өңдеу үшін санитерлерді орнатуды қамтамасыз ету керек.

Үшіншіден, барлық ақпараттық арналар бойынша халықпен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу керек.

«Сондай-ақ, әлеуметтік қашықтық қағидаты сақталуы тиіс: кеңселердің қашықтан жұмыс істеуі (20/80 қатынасында) және оқушылар мен студенттерді қашықтықтан оқыту; Маскалық режимді мен әлеуметтік қашықтықты сақтау мүмкін болмағандықтан, бұқаралық іс-шаралардың барлық түріне тыйым салу; Бизнестің жауапкершілігін арттыру – бақылауды күшейтіп, нысандарды бөліктерге бөлу және адамдардың толып кетпеуін қадағалау керек. Бұл шаралар барлық ақпараттық арналар бойынша насихатталуы қажет», - деді Алексей Цой.