Алексей Цой не үшін Президенттің отандық вакцина салдырмағанын түсіндірді

0
1 332

Тоқаев «Спутник-V» вакцинасын салдырды.


Алексей Цой не үшін Президенттің отандық вакцина салдырмағанын түсіндірді

ERNUR.KZ. Кеше Мемлекет басшысы Қарағанды фармацевтика зауыты шығарған «Спутник-V» вакцинасын салдырды. Президенттің вакцина салдырғаннан кейінгі хал-жағдайы жақсы. Ешқандай жанама әсерлер жоқ. Алайда, Президент бұған дейін коронавирусқа қарсы отандық вакцинаны (QazVac - ред.) салдыратынын айтқан еді, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Бүгін Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Президенттің не себепті «Спутник V» вакцинасын салдырғанын түсіндірді.

«Мемлекет басшысының «Спутник V» екпесін салдыруының себебі - ол қазақстандық вакцина. Яғни, Қазақстанда өндірілген. Иә, екпені ресейлік ғалымдар әзірледі, бірақ ол Қазақстанда өндіріледі. Барлық жерде, орам материалында да, зауыттың өзінде де бұл вакцина Қазақстанда өндірілген деп жазылған», - деп түсіндірді министр.

Ал, министрдің өзі отандық ғалымдар әзірлеген QazVac вакцинасын салдыратынын айтты. Отандық вакцина қазір сынақтың соңғы сатысынан өтіп жатыр. Осы айдың соңына қарай қолданысқа енгізілуі мүмкін.