Алексей Цойдың ісіне қатысты сот шешімі шықты

0
557

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.


Алексей Цойдың ісіне қатысты сот шешімі шықты

ERNUR.KZ. Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты денсаулық сақтау министрі Алексей Цойға қарсы берілген шағымды қарастырды, деп жазады Tengrinews.kz.

Шағымды "Ақтөбе БелАсу" ЖШС түсірген.Арыз беруші Цойды "Nephrolife Aktobe" ЖШС-ның медициналық қызметпен айналысу лицензиясын қайтарып алу шағымын қарастыру бойынша шара қабылдамады деп кінәлады.

Сот заңды тұлғаның өтінімін қарастыру тәртібінің қадағалауын тексерді және денсаулық сақтау министрі тарапынан өтініш қаралды деген шешім шығарды.

"Министрге бағытталған шағым "Міндеттерді бөлу туралы" № 431 ішкі бұйрық бойынша жетекшілік ететін Людмила Бюрабековаға берілген. Министрлік 2020 жылғы 28 маусымда жауап қайтарған. ЖШС лицензиясын тоқтату министрдің уәкілеттігіне жатпайды", - делінген хабарламада.

Сот лицензиясын қайтару туралы мәсеселесін шешу Ақтөбе облысы Денсаулық сақтау басқармасының құзыретіне жатады деп шешті. Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.