Әлеуметтік желі қолданушысы Тоқаевтың атынан аккаунт ашып, ұтыс ойынын ойнатқан

0
1 111

Ұтыс ойыны "Коронавирустық пандемия кезінде халықты қолдау үшін" деп аталады.


Әлеуметтік желі қолданушысы Тоқаевтың атынан аккаунт ашып, ұтыс ойынын ойнатқан

ERNUR.KZ. Facebook әлеуметтік желісінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жалған аккаунты пайда болды. Президенттің атынан біреулер ақшалай сыйлық ұсынатын ұтыс ойынын өткізген. Онысы "Коронавирустық пандемия кезінде халықты қолдау үшін" деп аталады. Ол үшін желіні қолданушылардан өз есімінің алғашқы әрпін жіберіп, жазбаны бөлісуді сұрайды, деп жазады zakon.kz.

Жазбада орфографиялық және стилистикалық қателер айқын көрініп тұр, соған қарағанда мәтінді онлайн-аудармашының көмегімен қазақ тіліне аударуы мүмкін. Жазбаға қазірдің өзінде 100-ден астам репост және 1000 түсініктеме жазылған. Ақпарат министрлігі бұл парақтың Қазақстан Президентіне ешқандай қатысы жоқ екенін және оның алаяқтық болып табылатынын атап өтті.

Фейк аккаунт 2017 жылы құрылып, онда алғаш азиат қыздың суреті жарияланған. 2020 жылдың 13 шілдесінде аккаунт "Kasym-Jmart TokyevI" деп атын өзгертіп, бірнеше минуттан кейін ақша төленіп жатқаны туралы жазба жарияланды.







Мұндай алаяқтық схемалар Интернетте кеңінен таралған. Мәселен, желіні қолданушыға ақшалай сыйлық туралы хабарлама келіп түседі, содан кейін оған картасы туралы мәліметтерді жіберу ұсынылады, болжам бойынша, сыйақы төлеу үшін. Бірақ бірнеше минуттан кейін картада ақша қалмай қалады, оны алаяқ түгесіп үлгерген.