Иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден
ERNUR.KZ. Той жасауға кредит алып, құдалық үшін қарызға бататындардың бары бесенеден белгілі. Қуаныш үшін барын салатын жұрт елден қалмаудың қамымен борышқа белшесінен батып жатады. Ал әлеуметтік желілерде дәулетті көріну үшін банктен несие алғандар туралы естіп пе едіңіз? Жастар көптің көз алдында қалталы адамның кейпінде болу үшін, қаржы ұйымдарының көмегіне жүгінеді екен. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.
Қазір әлеуметтік желіні ашып қалсаңыз бәрі бақытты, бай әрі жақсы адам кейпінде. Құдды бір проблемасы жоқ, шалқып жүрген сияқты. Шынайы өмірі де сондай ма? Жоқ, әрине!
Журналист Альбина Әтеннің сөзінше, соңғы кездері әлеуметтік желілер адамзатты бай болып көрінуге итермелеуде. Қазақта «болмасаң да, ұқсап бақ» деген сөз бар ғой. Адамдар жаппай өзгеге ұқсауды, біреу сияқты өмір сүруді әдетке айналдыруда. Яғни, өзінде жоқ өмірді аңсау, шүкіршілік етпеу белең алып келеді дейді
"Ол массовый психоздан туындайтын нәрсе сияқты. Массовый психоз дегеніміз, ол - психологиялық пандемия. Яғни, бүкіл адамдардың белгілі бір нәрсеге тәуелді болып, өз көзқарасының жоқ болуына жеткізу. Қазір сондай нәрсе болып жатыр біздің қоғамда. Оның жасыратын ешнәрсесі жоқ. Адамдар күннен күнге инстаграм, фейсбук желілеріне байланып жатыр", - дейді журналист Альбина Атен.
«Сәлем достар! Қалдарыңыз қалай? Мен бүгін үйде демалыыып жатырмын. Бітті инстаграмға салдым. Шыны керек, әлеуметтік желіге осындай әдемі жерлерде түскен суретерімді ғана саламын. Ал өмірде... Иә шын мәнінде менің үйім осындай. Тек бұны инстаграмға салуға ұяламын, қысыламын. Себебі, басқалардың алдында төрт құбылам түгел жан боп көрінгім келеді".
«Жалпы бұл адамның өзіне жайсыз, өзіне ұнамайтын, бірақ қоғамға лайықты болу үшін немесе басқаларға ұнау үшін ғана жасайтын дүниесі. "Осылайша, ол табиғатына сай емес нәрсе жасап жүреді» - дейді қоғам белсендісі Самат Нұртаза.
"Кейбір адамдар қымбат машинаның қасында фотоға түсуі мүмкін, былай селфи жасап, рөліне отырады деген сияқты. Содан кейін барады да үйіне барып доширак жейді мысалы. Көп ондайлар", - дейді қоғам белсендісі Самат Нұртаза.
Ал ондайлар неге көп? Біз неге жағдайымыз нашар бола тұра, бай болып көрінуге тырысамыз осы?
"Біз бетпердемен өмір сүргенді жақсы көреміз. Біз тек жақсы нәрсе деген тек әдемі киім киіп, бай болып, күліп жарқырап тұрған адам бақытты деп ойлаймыз. Солай қабылдағанды жақсы көреміз. Өз-өзімізді алдағанды жақсы көреміз. Ал шын мәнінде біздің өмірімізге сабақ болатын адамдар бұлар құлаған, жылаған және қайта тұрған адамдар", - деді психолог Ғалияш Махашева.
Қала тұрғыны Оңаш Мәжітова әлеуметтік желіге тек әдемі фотоларымды саламын дейді. Тамаша жерде, сәнді киіммен, тәтті тағамдармен суретке түседі. Бірақ кейде парақшадағы өмір мен жеке өмірдің арасында үлкен алшақтық болып жататынын айтады
"Бірақ адам табиғатынан өзінің бойындағы жақсылығын көрсеткісі келеді. Сондықтанда ол сол парақшада тек жақсылық көрсетіледі. Әйтпесе әр адамда проблема басынан асады. Менде де проблема асады басымнан. Маған жазып жатады. Ой мына жеріңіз қандай әдемі, мынау қандай әдемі. Сіздің жағдайыңыз бар. Жағдайы бар адамда да проблема бар. Бірақ біз проблеманы ашық айтып көрсете алмаймыз", - дейді қала тұрғыны Оңаш Мәжітова.
Неге ашық айта алмаймыз осы? Әлде қорқамыз ба? Психолог Ғалияш Махашеваның сөзінше әлсіз, өзіне сенімсіз адамдар әрқашан басқаға жалтақтап, жұрт не дейді деген оймен өмір сүреді екен. :Егер біз осы түсінікті өзгертпесек, біреу үшін өмір сүріп, өз болмысымызды жоғалтып аламыз" дейді.
"Көп ұят боладымен өсіреміз де. Яғни,біз өзіміздің қорқынышымызды әлеуметтен, біреудің сөзінен, жұрт не айтады дегенге байланып қалғанымызды көрсетеміз. + 07.20 Жасөспірім кезінде кішкентай ер бала немесе қыз баланың басында проблема болса соны айтып бөлісейін десе, ұят болады айтпа! Бөлісе алмайды. Сондықтан олар өздерінің қиындықтарын, жамандықтарын жасырады. Себебі, әлеуметтік талауға түспес үшін", - деді психолог Ғалияш Махашева.
Мамандардың сөзінше, қазір байларда мәдениет жоқ, кедейде шүкіршілік жоқ қоғамда өмір сүрудеміз. Яғни, әлеуметтік желілердің заңдылығы міне осындай. Кедейлер «байсымақтарға» қарап, солар сияқты болғысы келеді. Ол үшін тіпті кредит те алады екен. Соңғы дерек бойынша, Қазақстанда 55 млн несие шарты жасалған. Ал жалпы жұрт банктер мен қаржы ұйымдарына 26 трлн теңге қарыз. Борышкерлер арасында әлеуметтік желіде өзін бай, бақытты етіп көрсеткісі келетіндер де баршылық екен. Ал ол кімге керек?
"Себебі, адамның табиғатында мақтанғысы келетін бір қасиет бар. Ол өзі табиғатта болады ондай. Мен бай екенмін, адамдар маған қызықса екен, маған комплимент айтса екен деген табиғаттың салып қойған инстингі бар", - дейді Қоғам белсендісі Самат Нұртаза.
Қазақта: «Бақ-даулетке мақтанба» деген сөз бар. Мамандардың пікірінше, қай замандв болмасын мықтылық - біліммен, өнермен, мәдениетпен өлшенеді. Біздің дәуірде бұл тіпті қажет. Міне, сонда ғана халықтың деңгейі де өсе бастайды. Ал бізде, өкінішке қарай, көп адам үшін материалдық құндылықтар бірінші орында тұр.