Әлихан Смайылов «Бәйтерек» холдингінің Директорлар кеңесін басқарды

0
503

Жалғыз акционердің шешіміне сәйкес (Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2022 жылғы 4 ақпандағы № 50 бұйрығы) «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Директорлар кеңесінің жаңа құрамы сайланды.


Әлихан Смайылов «Бәйтерек» холдингінің Директорлар кеңесін басқарды

ERNUR.KZ. «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Директорлар кеңесінің жаңа құрамы сайланды, деп жазады ҚазАқпарат.

Жалғыз акционердің шешіміне сәйкес (Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2022 жылғы 4 ақпандағы № 50 бұйрығы) «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Директорлар кеңесінің жаңа құрамы сайланды.

Қазіргі уақытта Директорлар кеңесінің құрамы мынадай:

Смайылов Әлихан Асханұлы – Директорлар кеңесінің төрағасы, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі;

Скляр Роман Васильевич – Директорлар кеңесінің мүшесі, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары;

Сүлейменов Тимур Мұратұлы – Директорлар кеңесінің мүшесі, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары;

Қуантыров Әлібек Сәкенұлы – Директорлар кеңесінің мүшесі, Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі;

Өскенбаев Қайырбек Айтбайұлы – Директорлар кеңесінің мүшесі, Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі;

Жамаубаев Ерұлан Кенжебекұлы – Директорлар кеңесінің мүшесі, Қазақстан Республикасының Қаржы министрі;

Қарашөкеев Ербол Шырақпайұлы – Директорлар кеңесінің мүшесі, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі;

Клаус Мангольд – Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор;

Томас Миров – Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор;

Филип Йео – Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор.

«Директорлар кеңесі «Акционерлік қоғамдар туралы» ҚР Заңында және «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының Жарғысында Жалғыз акционер – Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің және атқарушы орган – Холдинг Басқармасының айрықша құзыретіне жатқызылған мәселелерді шешуді қоспағанда, Холдинг қызметіне жалпы басшылық етеді.

Холдингтің Директорлар кеңесінің қызметі Холдингтің Директорлар кеңесі туралы ережемен реттелген. Холдингтің Директорлар кеңесі 10 директордан тұрады, олардың үшеуі тәуелсіз директорлар болып табылады. Холдингтің Директорлар кеңесінің мүшелерін Жалғыз акционер сайлайды.

Директорлар кеңесінің қызметі тиімділік және жауапкершілік, Жалғыз акционер мен Холдингтің мүдделерін барынша сақтау және іске асыру, сондай-ақ Жалғыз акционердің құқықтарын қорғау, Холдинг қызметі үшін жауапты болу қағидаттарына негізделеді». – деді холдингтің баспасөз қызметінен.