Алматы - Ташкент тасжолында тұрып қалған автобустың 26 жолаушысы құтқарылды

0
732

Техникалық ақауларға байланысты көлік осы тасжолдың 240-шақырымында тұрып қалған.


Алматы - Ташкент тасжолында тұрып қалған автобустың 26 жолаушысы құтқарылды

ERNUR.KZ. Алматы - Ташкент тасжолында тұрып қалған автобустағы 26 адам құтқарылды, деп хабарлайды almaty.tv.

Салонында 45 адамы (оның ішінде бесеуі бала) бар Yutong маркалы автобус Шымкент - Алматы бағытында кетіп бара жатқан. Жамбыл облысы Қордай ауданына жете берген кезде бұзылып қалған көлік тасжолдың 240-шақырымында тұрып қалған.

«Оқиға орнына жеткен құтқарушылар мен полицейлер 26 адамды (оның ішінде бесеуі бала) Қордай автовокзалына эвакуациялады. Сосын микроавтобуспен олар Алматыға жөнелтілді. Қалған 19 жолаушы эвакуациялаудан бас тартып, өздігінен жол-жөнекей кетіп бара жатқан көліктерді тоқтатып, мініп кеткен», - делінген ТЖК баспасөз қызметі.

Комитет мәліметінше, барлық жолаушылар - Қазақстан азаматтары.