Алматы-1 станциясының бастығы парамен ұсталды

0
913

Өз кінәларын толық мойындағандықтан, күдіктілер қамауға алынбады.


Алматы-1 станциясының бастығы парамен ұсталды

ERNUR.KZ. ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қалалық департаменті "ҚТЖ Жүк тасымалы" ҰК" АҚ филиалының Алматыдағы "Алматы-1" станциясы бөлімшесі бастығының пара алу дерегін ашты, деп жазады Zakon.kz.

Хабарламаға сәйкес, станция бастығы жалға алынған контейнерлерді кедергісіз тексеру мен қайтару үшін жекеменшік компания өкілінен 370 мың теңге көлемінде пара алған.

Өз кінәларын толық мойындағандықтан, күдіктілер қамауға алынбады. Тергеу жалғасуда.

Күдіктілердің кінәсінің дәрежесін айқындау мен соңғы шешімді сот шығарады.