Алматы әкімдігі балабақшаның жарты ақшасын төлейтін болды

0
702

Шаһарда жеке балалабақшалардың бағасы қымбат.


Алматы әкімдігі балабақшаның жарты ақшасын төлейтін болды

ERNUR.KZ. Алматы әкімдігі жеке балабақшаларға балалар үшін ай сайынғы соманың жартысын төлейтін болады, деп жазады Stan.kz.

Бұл туралы қала әкімі Бақтыжан Сағынтаев мәлімдеді. Осылайша, әкімдік балабақшаларға кезек күту, жеке бизнесті дамыту мәселелерін шешеді.


"Мәселені тек мемлекеттік бақшалар салу арқылы шешу мүмкін емес. Ал балалардың туу коэффициенті біз салып жатқаннан асып түседі. Сондықтан жеке кәсіпкерлерді тарту арқылы ғана мәселені шешуге болады. Бірақ жеке балалабақшалардың бағасы қымбат. Жеке балабақшалар халық үшін тиімсңз, қымбат. Әкімдікке ата-ана төлемінің бір бөлігін субсидиялауға рұқсат етілді - бұл әлдеқайда арзан. Қазір біз осындай рұқсат алдық, енді есептеп жатырмыз. Жақын болашақта біз осы тетік арқылы балабақшалардан 5000 жаңа орын аша аламыз деп сенеміз", - деді Бақытжан Сағынтаев.


Ол құны 50 мың теңгеден аспайтын жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдарды тартатыны туралы айтты.


"Сонда 25 мың - ата-ана баласын жеке меншік балабақшаға берер болса, 25 мың адамның жарты төлемін әкімдік өзіне алады. Жекеменшік балабақшалардың айлық төлемі елу мың теңге шамасында болса, ата-аналар бұл балабақшаларға мемлекеттік балабақшаға төлеген қаражатты ғана төлейді, ал қалғанын әкімшілік қаржыландырады", - дейді Сағынтаев.


Алматыда бес жылда 19 980 балаға арналған 419 балабақша салу жоспарланып отыр, оның 413-і мемлекеттік, 400-і жекеменшік.