Алматы әкімдігі "Южный" саябағындағы учаскені мемлекетке қайтаруға ниетті

0
485

​Соттың оң шешімі шықса, "Южный" паркінің аумағы 2,8 гектарға ұлғаяды.


Алматы әкімдігі

ERNUR.KZ. Алматы әкімдігі "Южный" саябағындағы жер учаскесін сот арқылы мемлекетке қайтаруды жоспарлап отыр, деп жазады sputnik.kz.

Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев Бостандық ауданының тұрғындарымен кездесу барысында айтты.

"19 сәуірде осы учаскені қайтарып алу туралы қаулы қабылданды, бірақ оның иесі өтемақы сомасымен келіспейді. Сондықтан әкімдік экономикалық сотқа мемлекеттің қажеттілігі үшін жер учаскесін мәжбүрлеп алу туралы талап-арыз берді. Оң шешім қабылданған жағдайда "Южный" саябағының аумағы 2,8 гектарға ұлғаяды", - деді қала басшысы.
Оның айтуынша, биыл 14 шілдесінде Алматы әкімдігінің Жароков–Левитан көшесіндегі 30 телім жер учаскесін алып қою туралы қаулысы қабылданды. Бұл аумақта 2023 жылдың қазан айына дейін аудан тұрғындарының бос уақыты мен демалысы үшін спорттық, балалар және workout-алаңдар орнатылады.
"Mountain Drive тұрғын үй кешенінің жекелеген жер учаскелерін қала балансына беру бойынша жер учаскесінің бір бөлігі коммуналдық меншікке өтті. Екінші бөлігі бойынша жобасы әзірленгенін хабарлағым келеді. Осыдан кейін Алматы әкімдігінің қаулысы қабылданады", – деді Ерболат Досаев.
Қазіргі уақытта ауданда 35 бау-бақша серіктестігі орналасқан. Бүгінде олардың жетеуін жеке тұрғын үй құрылысына ауыстыру туралы шешім қабылданған.