Алматы әкімі аккаунтарына қала тұрғындары қалдырған проблемалық орындарға барды

0
981

Сағынтаев демалысқа қарамай Алматыдағы проблемалық орындарды аралап шықты


Алматы әкімі аккаунтарына қала тұрғындары қалдырған проблемалық орындарға барды

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев өзінің жеке аккаунтарында тұрғындардың қалдырған өтініштеріне құлақ асып, бүгін оңтүстік астанадағы проблемалық орындарды аралап шыққан. Бұл туралы Сағынтаев өзінің Instagram парақшасында жазды деп хабарлайды ERNUR.KZ.

"Бүгін менің аккаунтарыма қала тұрғындары қалдырған проблемалық орындарға шықтым. Наурызбай ауданы, Ақжар ықшамауданы. Молдағұлова көшесі (Мақаншы – Жабай), Жауқазын. Көтерілген мәселе орынды. Ауызсу, жарық, жол, тұрақты қоғамдық көлік қатынасы – халықтың өмір сапасын жақсартуға негізделген. Барлық мәселе бір-бірімен байланысты. Мәселені рет-ретімен шешу міндеті тұр. Біріншіден, ауызсу мәселесі, яғни орталық сумен қамтамасыз ету жүйесіне қосу. Екіншіден, көшеге жарық қою керек. Үшінші мәселе, желілерді төсеу бойынша жер қазу және құрылыс-монтаждау жұмыстары аяқталған соң жол мәселесі ретке келтіріледі", - деп жазды Бақытжан Сағынтаев.