Алматы әкімі ұшақ апатынан мерт болғандардың отбасыларына барды

0
779

Алматы әкімі көңіл айтып, қолдау көрсетуге дайын екендігін білдірді.


Алматы әкімі ұшақ апатынан мерт болғандардың отбасыларына барды

ERNUR.KZ. Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев ұшақ апатынан қаза болғандардың отбасыларына барып қайтты, деп жазады ҚазАқпарат.

«Бүгін кешкісін апатқа ұшыраған ұшақта мерт болған: Кайырхан Тұматов, Марат Мұратбаев, Николай Асташов және Валерия Ануфриеваны ақтық сапарға шығарып салу рәсіміне дайындық жүріп жатыр. Алматы әкімі олардың отбасыларына барып, көңіл айтып, қолдау көрсетуге дайын екендігін білдірді»,- деп жазды өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында Алматы әкімдігінің өкілі Әсет Мұқажанов.

Айта кетейік, 27 желтоқсанда Алматы-Нұр-Сұлтан бағытымен ұшып бара жатқан Bek Air компаниясының 2100 рейсі апатқа ұшырап, 12 адам қаза болды.