Бүгінгі қалыптасқан жағдайда «виртуалды жұқпалы аурулар ауруханасы» ашылды.
«Алматыда бүгінде коронавирустың таралуына байланысты қалалық денсаулық сақтау жүйесінің барлық мүмкін ресурстары жұмылдырылды. Жұқпалы және провизорлық стационарлардан бөлек, негізгі салмақ алғашқы медициналық-санитарлық көмек қызметіне жүктелді. Бүгінгі қалыптасқан жағдайда «виртуалды жұқпалы аурулар ауруханасы» ашылды. Емханаларда COVID-19 диагнозы расталған және симптомдары бар пациенттерді мониторингілеу бойынша мобильді бригадалар құрылды. Асфендияров медуниверситетімен бірлесіп, Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ базасында пациенттерге мониторинг жүргізетін орталық аштық. Бұл бізге амбулаторлық деңгейде, әсіресе қарттар арасындағы асқынуларды азайтуға мүмкіндік береді», - деп жазды Б.Сағынтаев.
Әкімнің айтуынша, тек соңғы айда қалада ЖРВИ мен пневмония ауруларының саны 5 есе өскен.
«Мұны эпидемияның көрінісі ретінде қарастырып отырмыз. Бұл ретте, жедел жәрдем қызметіне жүгінушілердің саны күрт көтерілген. Маусым айында тәулігіне 4 мыңға дейін қоңырау түскен. Тәулігіне бір бригада 19 қоңырауға шығады», - деді әкім.
Бұған дейін Алматыда Halyk arena және Almaty Arena спорт нысандары коронавирусқа шалдыққандарды қабылдайтын инфекциялық стационарға айналатынын жазған болатынбыз.