Алматы әуежайына ұшақтың миналанғаны туралы хабарлама түсті

0
485

​Әуе кемесінің миналанғаны туралы ақпарат расталмады.


Алматы әуежайына ұшақтың миналанғаны туралы хабарлама түсті

ERNUR.KZ. Алматы халықаралық әуежайына ұшақтың миналанғаны туралы хабарлама түсті, деп жазады sputnik.kz.

Белгісіз біреулер Минсктен Алматыға ұшып келген Belavia әуе компаниясы ұшағының бортына жарылғыш зат қойылғанын хабарлады.
Ұшақты тексергеннен кейін ақпарат расталмады.
"Ұшаққа мина қойылғаны туралы ақпарат түскен соң кешенді тексеру жүргізілді. Әуе кемесінің миналанғаны туралы ақпарат расталмады", - деп хабарлады әуежайдың баспасөз қызметі.
Еске сала кетейік, 31 наурызда Қазақстан қалаларында нысандарға мина қойылғаны туралы ондаған хабарлама түсті. Олардың арасында Алматы халықаралық әуежайы да болды. Ол кезде хабарламаға байланысты 6 рейс кейінге шегерілді. Осы фактілердің барлығы бойынша "Терроризм актісі туралы көрінеу өтірік хабарлау" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.