Таңертең сағат 6.35-те Мәскеуге ұшады деген Air Astana KC 871 рейсі де кешігіп жатыр.
ERNUR.KZ. Алматы халықаралық әуежайында алты рейс кешікті, деп жазады baq.kz.
Кешіккен рейстер ішінде сағат 6.30-да Астанаға ұшуы тиіс болған SCAT Airlines компаниясының DV 703 рейсі бар.
Таңертең сағат 6.35-те Мәскеуге ұшады деген Air Astana KC 871 рейсі де кешігіп жатыр.
Бұдан бөлек Bek Air әуекомпаниясының 2100 борты сағат 7.05-те Астанаға ұшпады.
Астанаға сағат 7.10-да ұшуы тиіс Air Astana компаниясының KC 9510 рейсі жөнелтілген жоқ.
Дәл осы әуекомпаниясының сағат 7.50-де Делиге ұшуы тиіс KC 907 рейсі кестеге сай әуеге көтерілген жоқ.
Air India компаниясының сағат 7.50-ге жоспарланған Дели бағытындағы AI 6520 рейсі де кешігіп жатыр.