​Алматы әуежайында қомақты ақшамен Бейжіңге ұшпақ болған адам ұсталды

0
1 067

Ұсталған азаматтан алынған ақша актіленіп, «Жетісу» кеден бекетіне тапсырылды.


​Алматы әуежайында қомақты ақшамен  Бейжіңге ұшпақ болған адам ұсталды

ERNUR.KZ. Алматы әуежайында 49 жастағы Қазақстан азаматы валюта контрабандасымен ұсталды, деп жазады BAQ.KZ.

«Алматы» шекаралық бақылау отрядының шекара наряды халықаралық әуежайдан «Алматы – Бейжің» бағытымен ұшқалы тұрған HU–7934 әуе рейсін ресімдеу барысында 1970 жылы туған Қазақстан Республикасының азаматын ұстады.

Ұстауға себеп: аталған азаматтан тексеру барысында кедендестірілмеген 30 000 АҚШ доллары, 1 285 қытай юані және 22 000 теңге болды. Ұсталған азаматтан алынған ақша актіленіп, «Жетісу» кеден бекетіне тапсырылды.