​Алматы әуежайында төтенше жағдай болды

0
1 100

Әуе оқиғасынан кейін SCAT-та тергеу жұмыстары басталды.


​Алматы әуежайында төтенше жағдай болды

ERNUR.KZ.Бейсенбі күні Хургада – Алматы әуе кемесі қонып жатқанда төтенше жағдай болды, деп жазады sputniknews.kz.

"Алматы әуежайында екінші айналымға кету кезінде 5038 рейсін (Хургада – Алматы) орындайтын әуе кемесі артқы тірегімен ұшу-қону жолағына тиіп кетті", — деп хабарлады SCAT әуекомпаниясы.

Хабарламада ұшақ аман-есен қонғаны аталып өткен, зардап шеккендер жоқ.

Қазіргі таңда әуе компаниясы жұмысын штаттық режимде жалғастырып жатыр, әуе оқиғасынан кейін SCAT-та тергеу жұмыстары басталды.