Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 553 шақырым жерде Қырғызстан аумағында орналасқан.
ERNUR.KZ. 11 қыркүйек күні "СОMЭ" сейсмикалық стансалар желісі Қырғызстан аумағында жер сілкінісін тіркеді, деп жазады zakon.kz.
Жерасты дүмпулері Алматы уақыты бойынша 07:54-те болған.
Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 553 шақырым жерде Қырғызстан аумағында орналасқан.
- Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 9,8.
- Магнитудасы – MPV 4.4.
- Тереңдігі – 5 км.
- Сезілгені туралы ақпарат болған жоқ.
11 қыркүйекте сағат 10:00-де Алматыда жалпықалалық сейсмикалық оқу-жаттығу өтеді. Қала әкімдігі сейсмикалық дайындықты бастамас бұрын апат чемоданын дайындап, қауіпсіз жерге алдын ала эвакуациялау жолын анықтауды ұсынды.